Алматылық жас футболшылар Түркиядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды


Онда 2000 жылы туылған аяқдопшылар арасында ел намысын қорғаған Алматының «Қайрат-2000» командасы күміс жүлдегер атанды. Олар алғашқы 4 мачта Түркияның Алания қаласының «Алианиаспор» және Ресейдің Орехово-Зуаев қаласының «Знамя Труда» командаларын 3:0, Түркияның Авсаллар қаласының («Авсаллар») футболшыларын 2:1, ал Ресейдің Мәскеу қаласының «Торпедо-ФСХМ» аяқдопшыларын 3:1 есебімен ұтқан болатын. Бірінші орынның тағдыры Мәскеудің «Чертанова» командасымен болған ақтық ойында шешілді. Онда ресейліктердің екінші командасы 5:0 есебімен басым түсіп, 15 ұпаймен турнир жеңімпазы атанды. 12 ұпай жинаған «қайраттықтар» күміс, қоржынында 9 ұпайы бар «торпедалықтар» қола жүлдені иеленді. Ал 6 ұпаймен «авсалларлдықтар» төртінші, 3 ұпаймен «Знамя трудалықтар» бесінші орын алса, барлық кездесуде техникалық жеңіліс алған «аланиялықтар» бірде-бір ұпай ала алмады.