Алматылық жас футболшылар Түркиядағы турнирде мәскеулік құрдастарын ұтты

Төрт жас дәрежесі бойынша ұйымдастырылған дүбірлі додаға әлемнің бірқатар елдерінен 30 команда қатысуда. Онда 2000 жылы туған балалар арасында ел намысын Алматы қаласының "Қайрат-2000» командасы қорғауда. Жарыс 31 наурызға дейін созылмақ.

Алматылық аяқдопшылар Ресейдің Мәскеу қаласының «Чертанова», «Торпедо-ФШМ», Орехова-Зуева қаласының «Знамя труда» және Түркияның Алания қаласының «Аланиаспор» мен Авсаллар қаласының «Авсаллар» командасымен күш сынасатын болады. Олар кеше «Торпедо ФШМ» командасымен болған ойында қарсыластарын 3:1 есебімен ұтты. Келесі кездесуін бүгін «Авсаллармен» өткізбек.