АҚШ консулдығының алдына келген бір топ жас Азамат Тәжияқов пен Диас Қадырбаев айғақтарды әдейі жойған жоқ деген жорамалдарын айтты. Арнайы үндеу хат та дайындап әкелген. Бас консулға түсінікті болсын деп ғимарат алдындағы тас жолға “Олар кінәлі емес” деп жазу да жазды. Бірақ консулдық ішінен жазуды оқи қоятын жан шыққан жоқ. Есік алдында жарты сағаттай бөгелген жастар ақыры үндеу хаттарын күзетшілерге қалдырып тарқасты. Айта кетейік, Бостондағы лаңкестікке айыпты деп танылған ағайынды Царнаевтардың сөмкесін жасырды деп айыпталған Азамат пен Диас қазір қамауда. Айыптары дәлелденсе 25 жылдан арқалауы мүмкін. Алғашқы сот отырысы 13 тамызда өткен, келесісі 26 қыркүйекке белгіленді.