Алматылық жүргізуші жарты миллион қарызы барын естігенде талып қала жаздады

Бір ғана Іле ауданындажол ережесін бұзғандарға салынған айыппұлдың жалпы көлемі 200 миллион теңгеден асқан. Алайда олар айыппұлды тек көліктерін тіркеуден шығарарда ғана төлейді екен. Сондықтан жол сақшылары енді қатаң шара қолдануға мәжбүр. Бүгінгі рейд барысында  төленбей қалған айыппұлы бар бірнеше жүргізушіге қатаң ескерту жасалып, жол ережесін бұзғандарға хаттамалар толтырылды. Бір қызығы, 500 мыңнан - 1 миллион теңгеге дейін айыппұлы мен төленбеген салығы бар жүргізушілер де жетерлік. Алайда олар мұндай қомақты қарызының бар екенін жол сақшыларынан естіп, жағаларын ұстады.


- Бұл сұмдық қой.

- Міне қараңыз, қарызыңыз 476 теңге.

- Мүмкін емес, алдап тұрсыздар  тұрма?