Алматылықтар АҚШ кино туындыларын далада тегін тамашалайтын болды


Классикалық кинолардың көрсетілімі 24-26 шілде аралығында «ArtBat Fest-6» фестивалі аясында «ARTPOINT» алаңында өтеді. 
Кинокартиналар түпнұсқа дыбысталуында орыс тіліндегі субтитрлермен көрсетіледі. Алматылықтар назарына АҚШ-тың үздік кино туындылары қатарындағы: «Өзгепланеталық», «Вестсайд тарихы» жəне «Елес аңшылары» кинолары ұсынылады.
Көрсетілімді кез-келген адам тегін тамашалауына мүмкіндік бар.