Алматылықтар бірқатар қазіргі француз фильмдерін ТМД елдері аумағында ең алғашқы боп тамашалайды - Жоэль Шапрон

«UniFrance films» компаниясының Шығыс Еуропа елдері бойынша вице-директоры Жоэль Шапроннның айтуынша, Францияда 2011 жылы 270 толық метражды көркем фильмдер түсірілді. Фестиваль бағдарламасына олардың жетеуі ғана еніп отыр. Бұл Пьер Шоллердің «Мемлекеттік қызмет», Люка Бельвоның «38 куәгер» драмалары, Режис Варньенің «Тура мәре» спорттық драмасы, Жюльен Леклердің «Штурм» драмалық экшны және Даниэль Коэннің «Шеф», Эрик Толедано мен Оливье Накештің «1-1», Мишель Хазанавичустің «Солға» құқық» комедиялары.

«Бағдарламадағы 2 фильм ТМД елдерінде әлі прокатқа берілмеген жаңа туындылар. Оның біріншісі, былтыр Канн кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» секциясы аясында көрсетілген «Мемлекеттік қызмет». Екіншісі, 2 ай бұрын Берлин кинофестивалінде тұсауы кесілген «38 куәгер» драмасы. Ол 2 апта бұрын ғана прокатқа шықты», - дейді Ж.Шапрон.