Алматылықтар дүние жүзіндегі ең үлкен ұшақты видеоға түсіріп алды

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Ан-225 "Мрия" сағат 08:30-да Алматы әуежайынан ұшып кетті.

"Дүние жүзіндегі ең үлкен ұшақ. Антонов", - деп жазылған жазбада.

Видеолардың бірінде куәгер 250 тонна таси алатын украиналық көлік ұшағының Алматы әуежайындағы ұшу-қону жолағынан ұшып бара жатқанын көрсеткен. Тағы бір видеода ұшақ алып құс секілді қаланың үстінен ұшып бара жатыр.

Бұл "Ан-225 "Мрия" ұшағының Алматы әуежайына бірінші рет қонуы емес. 2020 жылдың сәуірінде жүк борты Қытайдан Польшаға ұшып бара жатқанында жанармайды үстеп құю үшін қонған болатын.