Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Тәжірибелі нұсқаушылар үш сағат бойы «Дубок» ықшам ауданында орналасқан тегін мұз айдыны мен Абай және Гагарин көшесіндегі орналасқан ауладағы мұз алаңында коньки тебуді тегін үйретті. Мұз айдынның қонақтары конькимен сырғанауды тегін үйренумен қоса, көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алды", - дейді ұйымдастырушылар.
Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады.
"Менің ойымша осы өткізілген ойындар өте қызықты болды. Абай-Гагаринадағы мұз алаңына келіп хоккей ойнап жүргеніме үш ай болды. Осы жерге мені әкем алып келген еді. Коньки тепкен маған өте ұнайды", - деді қонақтардың бірі Ярослав Дмитриев.
Аталмыш шара, жексенбі, ақпанның 4-і күні де жалғаспақ. «Спорттық Алматы» нұсқаушылары Жібек жолы – Абылай хан көшесінде және ҚР Тұңғыш Президенті саябағында орналасқан тегін мұз айдындарының келушілерін тегін үйретеді.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.