Таңғы жетіден бастап Алматы тұрғындары мен қонақтары Қазақстандағы Өзбекстан Республикасы елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын әкеліп, көңіл айту кітабына жазба қалдыруда.
«Біздің Отанымыз, күллі өзбек халқы орны толмайтын, ауыр қазаны бастан өткеруде. 2016 жылғы 2 қыркүйекте ауыр аурудан кейін көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер, Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Абдуганиевич Кәрімов дүниеден өтті», - деп жазды Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Икром Назаров.