Алматылықтар шылым шегушілердің үстінен шұғыл байланыс желісі арқылы тәулік бойы шағымдана алатын болды

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін "SkunsCamera" «шұғыл байланыс желісі» іске кірісті. Ол қоғамдық орындарда темекі шеккендердің үстінен шағымдарды тіркейді, деп осы шараның бастамашылары таратқан хабарламада көрсетілген.


           «Шұғыл байланыс желісін» құруға қоғамдық орындарда, оның ішінде көлікте кальян және темекі шегуге тыйым салу ережесінің бұзылуы себеп болған.
           Бұдан былай әрбір алматылық қоғамдық орында таза ауа жұту құқығы бұзылса 302-83-83 телефонына қоңырау шалып шағымдана алады. Телефон арқылы келіп түскен шағымдар www.skuns.kz сайтына «қара тізім» түрінде орналастырылады. Бұл тізім полицияның жүйелі рейдтік шаралары мен айыппұл салуға негіз болады Ұйымдастырушылар шағымданушының аты-жөні сайтта көрсетілмейтінін айтады.
           Шылым шегуге тыйым салу ережесін қайтара бұзғаны үшін заңды тұлғаға ереже бұзуына ықпал еткен себеп пен жағдайды жою туралы ресми ұйғарыммен 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
           1 АЕК 1731 теңгені құрайды.
           Қомақты айыппұлмен қатар заңды белшесінен басушыларға жұрт алдында қоғамдық анти сыйлық - "SkunsCamera" логотипі бар «қара белгі» табыс етіледі. Қазіргі кезде коалицияның «қара тізіміне» Алматының жүзден астам мекемесі кірді.
           Алматылық рестораторлар елдің темекіге қарсы заңын бұзушылар арасында көш бастап келеді. Жазғы рейд барысында тексерілген он мекеменің сегізінде қоғамдық орында шылым шегуге тыйым салу ережесі бұзылғаны анықталды. Қаланың тексерілген жеті ауданының ішінде шылымды да, кальянды да бірдей шегетін Медеу және Алмалы аудандарында көп заң бұзылады.
           "SkunsCamera" ұйымдастырушылары Алматы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, қалалық ішкі істер департаменті, «Темекі түтінінсіз Қазақстан үшін» ұлттық коалициясы болып табылады.