Мейірбикелер көшеге шығып, қала тұрғындарына дұрыс жөтелу мен туберкулезден сақтануды үйретті. Егер жөтел қысса, шыт немесе сүлгімен ауызды жауып тұрған жөн. Ал, егер олар болмаса, алақанға емес, қолды бүгіп, шынтақтың тұсына жөтелген дұрыс. Дәрігерлер бірнеше сағат ішінде 200-ден астам азаматқа осы әдістерді үйретті. Бұдан бөлек, флюорографияға түсіп, тегін тексерілуге де мүмкіндік болды. Жалпы, дәрігерлердің айтуынша, Алматыда құрт ауруына шалдыққандар саны жыл сайын азайып келеді екен.
Loading...