Алматылықтардың күткен автобустары келмей жатыр

Алайда таңғы уақытта олардың көтеріңкі көңіл-күйін өз уақытында келмей жатқан қоғамдық көліктер түсіріп, көбісі таксидің қызметіне жүгінуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 

Нақтырақ айтқанда №121 және №32 бағытындағы автобустар тіпті жоқ десе де болады. "Аялдамада 40 минуттан аса уақыт тұрдым. Көшеде ауа температурасы нөлден төмен, алғашқы қар түсті ғой бүгін. Сөйтіп, жұмысқа таксимен баруға тура келді", - дейді Алматы тұрғыны. 

Еске салайық, кеше, 13 қазанда қалада 40-қа таяу автобус жолға шықпаған еді. № 30, 32 және 121 бағытындағы автобустардың жүргізушілері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шықпай қойған. Салдарынан мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер діттеген жеріне жете алмай, қиналды.