Алматылықтарға тегін метро карталары таратылады

«Метрополитен бекеттерінің жанында орналасқан аялдамаға дейін тасымалдайтын автобустардың, трамвайлардың және троллейбустардың маршрут нөмірлері көрсетілген. Карта пішіні өте ыңғайлы жасалған, оны қалтада немесе сөмкеде алып жүруге болады», - делінген хабарламада.

Карта Алматы қаласы тұрғындарының және қонақтарының бағдарлауын жеңілдету үшін шығарылған. Карталарды метрополитен кассаларынан тегін алуға болады.