«Алматым – іңкәрім менің» фестивалінде әлемдік деңгейдегі авторлардың әндері шырқалады

Дыбыс жазу студиясында күнде дайындық. Дүбірлі шараның 15 жылдық мерейтойына қатысушыларға қойылатын талап та қатаң. Атақты киносыншылардың қырағы сынынан өтіп, «Оскарды» алған фильм әндерін орындау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қыркүйектің 6-сында  алматылықтар мен қала қонақтары сағындырған сазды тыңдап, құлақ құрышын қандырмақ.

Равиль Исаков, «The Jigits» тобының әншісі:



- «Алматым – іңкәрім менің» фестиваліне қатысу – біз үшін үлкен мәртебе. Біз биыл «Елес аулаушылар» фильмінің саунд-трегін орындайтын болдық. Қатысушыларға арнайы костюмдер тігіліп жатыр. Биылғы фестиваль бұрынғылардан ерекше болмақ. Қапы қалмаңыздар.