«Алматым – іңкәрім менің» фестиваліне қолында арнайы шақыртуы бар көрермендер ғана кіре алады


Ескертетін бір жайт, биыл фестиваль билеттері әдеттегідей сатылымға емес, ұтысқа түсірілді. Яғни, радио тораптар мен әлеуметтік желілерде арнайы қойылған сауалдарға дұрыс жауап беру арқылы алуға мүмкіндік берілген. Сондай-ақ, «Gazeta.kz» сайтына тіркеліп те шақыртуға ие болуға болады. Ал онда бір реттік таңбаланған промо-кодтар бар. Онсыз концертке кіргізілмейді. Сонымен, «Алматым – іңкәрім менің» музыкалық мерекенің басталуына небәрі 3 тәулік қалды. Қазірдің өзінде шақыру билеттерінің 70 пайызы үлестірілген. Концерттің тыныш өтуін 2 мыңға жуық сақшы мен арнайы жасақ күзетшілері бақыламақ. Өтетін орны әдеттегідей - Халықаралық трамплин кешені.