Алматы-Маңғышлақ поезынан есірткі партиясын алып өтпек болған жолаушы ұсталды

Қызылорда облысының кеден бақылауы департаментінің қызметкерлері Алматы-Маңғышлақ маршрутындағы N377 поездан кептірілген 8 кило марихуана алып өтпек болған жолаушыны ұстады, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.


           Есірткіні "Бэтти" деген ит табуға көмектесті, деп атап өтілген жұмада департаменттен таралған хабарламада.
           Бұл факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 259 бабы бойынша (сату мақсатында емес аса ірі мөлшерде есірткі заттарын немесе психотропты заттарды алып жүру, сақтау ) қылмыстық іс қозғалды.