«Алматым – іңкәрім менің!» - кілең ретро әндер шырқалатын дәстүрлі фестиваль. Отандық әншілермен қатар, әлем жұлдыздары 80-ші жылдарды еске түсіреді. Биылғы думанды кешке Ресейдің Николай Басков, Михаил Боярский сынды атақты өнерпаздары жиналады. Ретро-концерт Алатау баурайында «Оскар» сыйлығын тапсыру стилінде өтеді. Қызыл кілем төселіп, қазақтың да мықты әртістері келеді. Сонымен қатар, сахнада әлі таныла қоймаған жас әншілер де өнер көрсетеді. Сондай топтардың бірі – «Алтын girls». Ондағы қыздар «Тақиялы періште» фильміндегі «Одиссей» әнін мүлдем жаңаша орындамақшы.