Алматың ҰҚКД 51 келі героин тәркіледі

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Тәжікстан арқылы Қазақстанға, Ресейге өтетін есірткі контрабандасының халықаралық арнасына тосқауыл қою жөнінде көп сатылы арнайы операциясы кезінде биылғы жылы Алматыда ең көлемді есірткі тәркіленді.

"Алматының киім-кешек базарларының көлік тұрақтарының бірінде ҰҚКД қызметкерлері жүк тіркемесінен 15 келі есірткі затын тауып тәркіледі. Сол кеште департамент қызметкерлері "Сайран" көлік вокзалында криминалды жүктің иесі болған Тәжікстан азаматын қолға түсірді. Анықталғанындай, ол бұл героинді Қостанайға жеткізбекші болған ", - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Сол күннің түнінде ҰҚКД қызметкерлері Алматы аудандарындағы үйлердің бірінде заңсыз есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен, оның сыбайласы болған тағы да бір Тәжікстан азаматын құрықтады. Оның уақытша тұрып жатқан пәтерін тінту кезінде 36 келі героин табылды.

Бүгінгі кезде тергеу департаменті қолға түсіргендерге қатысты қылмыстық іс қозғап ҰҚКД тергеу қапасына тоғытылды.