Алматыны исламдық қаржыландыру жүйесін қолданатын аймақтық қаржы орталығына айналдыру қажет

Мемлекет басшысы бұл ұсынысын бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясында айтты.

Президент исламдық қаржыландыру жүйесінің ерекшеліктеріне тоқтала кеел: «Әлемдік қаржы дағдарысы исламдық қаржыландыру жүйесінің тұрақтылығы мен өміршеңдігін көрсетті. Бұл ретте мұсылман үмметі ұсынуы мүмкін тиімді де пайдалы дүниелердің бірі - исламдық қаржы жүйесі болып табылады. Қазақстан өз жерінде ислам банкін ашты. Біз исламдық қаржыландыру жүйесі мен аймақта исламдық қаржы құралдарының бейч-маркингін құру мәселесін белсенді насихаттап жүрміз. Ислам әлемі өзінің ерекшеліктерін тиімді пайдалануы керек»,-деді.