Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Еске сала кетейік, бала ағымдағы жылдың 26 қазанында 1,5 миллионыншы қалалық ретінде тіркелген. Бірінші кезекте, оның ата-анасының бірінің Алматы қаласында қаншалықты ұзақ тұрғанына назар аударылған. Сонымен қатар, көп балалы отбасылардың нәрестелеріне басымдық берілді. Шыдас Алдан - Алматы қаласының байырғы тұрғындарының отбасындағы төртінші бала.
1,5 миллионыншы алматылықтың ата-анасы қалалықтарға көңіл бөлгені үшін қала әкімдігіне алғыс білдірді.