"Астананың төңірегінде "азық-түлік белдеуін" құру жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасы - жақсы бастама. Біз алып қаланы қамтамасыз ету үшін Алматының айналасында да осындай белдеу құруымыз қажет", - деді Кәрім Мәсімов.
"Бұны мен ҚР Ауылшаруашылығы министрі, Алматы мен Алматы облысының әкімдеріне тапсырамын", - деді үкімет басшысы. Оған министрлік басшысы тапсырманы орындауға дайын екенін айтты.