Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады

Мұндай жағдай 54 жыл бұрын болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда түнде Алматыда екі температуралық рекорд тіркелген

"Минимум температура "Шымбұлақта" тіркелді. Ол жерде ауа температурасы -27,8 градусқа дейін жетті. Бұған дейін қаңтардағы аяз 1969 жылы тіркелген болатын, шамамен -27 градус. 

Сонымен қатар, "Мыңжылқы" метеостанциясында температура рекорды тіркелді. Бұған дейін ол аймақта қаңтарда -32 градус тіркелсе, 12 қаңтарда -32,4 градус болды", - дейді Алматы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев. 


Оның сөзінше, биыл Алматыда қаңтар салыстырмалы түрде аяз қатты.