Алматының бас дәрігері алдағы уақытта коронавирусқа шалдыққандардың күрт азаятынын болжады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Азаматтар, отбасылар және топтар арасындағы байланыстарды барынша шектеу коронавирустық инфекцияны азайтуға көмектеседі. Егер өздігінен оқшаулау жоғары деңгейде болса, екі аптаның ішінде біздің қала тұрғындары арасында Ковид-19 ауруының күрт төмендеуін күтуге болады», - деді Әбілдаев.

Қаланың бас дәрігері алматылықтар мен басқа аймақтардың тұрғындары тарапынан карантин қағидаттарын түсінуге және сақтауға үміттенетінін айтты.


Естеріңізге сала кетейік, коронавирусты жұқтырған қазақстандықтардың саны 402-ге дейін өсті, олардың 90-сы Алматыда, жұқтырғандардың екеуінің жағдайы ауыр, 10 ересек адамның жағдайы орташа. Алматыда коронавируспен ауырған 11 адам қалпына келді.