Алматының бас тексерушісіне 1,8 млн теңге пара алды деген айып тағылды

Бұл туралы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, облыстың бас контролер-ревизоры Ілеу ауданының бес мектебінен тексеру қорытындысы бойынша жағымды акт жасау үшін 1,8 млн теңге пара алды деп айыпталуда.

Ұсталған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол кепілге шығарылды.

Таяуда облыстық ревизиялық комиссия басшысы ұсталған болатын.


Оған Еңбекшіқазақ ауданының Маловодное ауылындағы Островский атындағы орта мектеп директорынан 450 мың теңге мөлшерде пара алған деген күдік тағылды.

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, сот санкциясымен ол тұтқындалды.