«2013 жылғы 1 қарашаға шаққанда Алматы қаласы халқының саны 1 миллион 501 мың адамға жетті», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламада.
1,5 миллионыншы т ұрғынды тіркеу мерзімін айқындау мақсатында 31 қазанда халық санының өзгеруі (туғандар, қайтыс болғандар, тұрақты тұруға келушілер, басқа жаққа қоныс аударушылар) құрамы негізінде Алматы қаласы халқының санын күнделікті кері есептеу бойынша жүргізілді.
2013 жылдың 27 қазанының соңына шаққанда Алматы қаласында 1 млн 499 мың 916 адам тұрады, 28 қазан ішінде жаңа туған 82 нәресте мен 46 қайтыс болған адам тіркелді. Көші-қон полициясының қызметтері 325 елге келуші мен 53 басқа жаққа қоныс аударушыны тіркеген.
Осы күні ішінде Алматы халқының саны 308 адамға артып,
Осылайша 1,5 миллионыншы тұрғынды тіркеу мерзімі 2013 жылдың 28 қазаны болып табылады.
1,5 миллионыншы тұрғын болып нәресте Шыдас Ерболұлы Алдан 2013 жылы 28 қазанда тіркелді.
Баланың анасы – 35 жастағы қаржыгер, әкесі 42 жастағы кәсіпкер.