Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны хабарлайды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
17 мамыр күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін Медеу ауданындағы Н. Назарбаев – М. Мақатаев – Д. Қонаев - Қазыбек би көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
Сонымен қатар, 18 мамыр күні Алмалы ауданында сағат 8:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін Құрманғазы - Қарасай батыр - Сейфуллин - Мұратбаев көшелерінің бойындағы үйлер мен ғимараттарға суық су берілмейді.
«Суық сумен жабдықтау қызметі бойынша шектеулер енгізу магистральдық желілерге жаңа су құбырларын қосу үшін қажет», - деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорны.
Суық су өшірілетін кезде денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен әлеуметтік саланың өзге де нысандарына автоцистерналармен су жеткізу қамтамасыз етіледі.