"27 наурызда 9 сағат 20 минутта 051 кезекшілік пультіне парк территориясында граната жатқаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Территорияны тексеру кезінде кинология қызметі тұтандырғышы жоқ бітеуіші бар әскери Ф-1 гранатасының жатқанын анықтады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Жарылғыш затты "Арлан" арнайы бөлімшенің қызметкерлері тәркіледі. Зардап шеккендер мен өлім- жітім жоқ.