"Сонымен қатар, топтасқан бюджет 13 пайызға, бір ауруды емдеудің орташа құны 16 пайызға ұлғайды. Емханаға бір рет қаралу құны бүгінгі таңда 551 теңге тұрады", - деді З. Аманжолова.
Ол сондай-ақ, бірінші жартыжылдықта 140 мың қала тұрғыны тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгенін хабарлады. Олардың әрқайсысына кеткен шығын орта есеппен 2007 жылы 4070 теңге болса, биыл бірінші жартыжылдықта 6735 теңгені құраған.