Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстанның азаматы республика аумағына жалпы сомасы 18 мың АҚШ долларын құрайтын темекі әкеліп, оны "Авант" дүкенінде заңсыз сатпақ болған.
Аталмыш дерекке қатысты Алматы қаласының кедендік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 208-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті