Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аудандағы барлық жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түсетін салық және басқа да төлемдер 17 166, 2 млн. теңгені құрайды, бұл бюджетке түсетін барлық жалпы салық көлемінің 22,5% тең.
"Бүгінгі күні шағын тіркелген кәсіпорындардың арасындағы ең үлкен үлес сауда кәсіпорындарына (дүкендерге) - 27,2%, қоғамдық тамақтандыруға - 15,5% және қызмет көрсету салаларына - 16,8%-дан келеді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.