Өтініш бойынша, "Водоканал" РМК суық су қамтамасыздығы тарифін 9,72 теңгеден 13,71 теңгеге (немесе 41%), канализация тарифтерін бір текше метрі үшін 5,74 теңгеден 8,21 теңгеге (43%) көтеруге рұқсат сұраған.
"Алматыкоммунэнерго"АҚ жылу өндіру және онымен қамтамасыз ету бағасын бір Гкал үшін 2473 теңгеден 3049 теңгеге көтеруге ниет білдірген.
Кәсіпорындардың басшылығы өтініштің түп-төркінін кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтеру, міндетті сақтандыруға жұмсалатын шығындар көлемінің артуы, жұмыс барысында қолданылатын шикізат пен материалдардың бағасы қымбаттау, кәсіпорындарды күзетуге жұмсалатын шығындардың артуы, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігіне байланыстырады.
Кәсіпорын басшылары алға тартқан дәйектер мен деректерге қарамастан, өтініштер қабылданбады.