Апат салдарынан жарықтан ажырап қалған Алматының орталық бөлігін электр желілеріне қосу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы сәрсенбі күні «АлматыЭнергоСбыт» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
«Кеше кешқұрым апат болған №58-ші қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары аяқталды. Электр қуаты сол күні кешкі сағат 21:30-да қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.
Кеше кешқұрым Шевченко көшесіндегі қосалқы станцияда болған апат салдарынан Медеу, Бостандық және Алмалы аудандарының тұрғындары жарықсыз қалған болатын.