Алматының орталық көшелерінде аяқасты жарық өшіп, жұртты әбігерге салды


Ал электр желісіндегі апат жер қазу жұмыстарын жүргізген жеке компаниясының кесірінен орын алған. Әкімдік тапсырмасымен Есентай өзенінің бойымен құбыр тартқан мекеме жұмысшылары абайсызда қалаға жарық тарататын жоғары кернеулі тоқ сымдарын үзіп жіберіпті. Мамандарға зақымданған желіні кешке дейін жалғауға тура келді. Салдарынан орталық көшелерде ұзын-сонар көлік кептелістері пайда болды. Ал бірнеше аурухана, балабақша мен оқу орындары басқа электр торабына қосылған. Қызметіне салғырт қараған мердігер компания енді үлкен көлемде айыппұл төлеп, лицензиясынан да айырылуы мүмкін.