Алматының панель үйлерінің жер сілкінісіне төзімділігі жоғары - Қазақ сейсмикалық төзімді құрылыс және сәулет жөніндегі ҒЗИ

"Панель ғимараттарды біз қалыпты ғимарат ретінде санаймыз. Олар ескірген, алайда, сейсмикалық төзімділік жағынан алып қарағанда оларға еш өкпеміз жоқ. Бұл санатқа тек 1959-1960 жылдары салынған үйлер ғана жатпайды", - деп хабарлады И. Ицков.

Сейсмикалық төзімділік тәжірибесі жер сілкінісі кезінде туындайтын вибрациялық тербеліс түрінде жүргізілді. Бұл осыған арналған арнайы құрал көмегімен іске асырылды. 50-жылдардың соңы мен 60-шы жылдардың басында салынған үш қабатты кірпіш үй Сәтпаев көшесінде орналасқан.

Сынақ үш кезең арқылы жасалды. Алғашында, ғимаратты 5 балл, сосын 7 балл, кейін шамамен 8-9 балл шамасында сілкіндіріп тексерді. Әрбір сынақ бірнеше минутқа жалғасты. Осындай үш рет сілкіндіруге байланысты бір жақ бүйірі жартылай бұзылған ғимарат орнында қалды.

И. Ицковтың айтуынша, ғимараттардың бүліну деңгейін жіктейтін бес сатыдан тұратын арнайы жіктеме бар. "Төртінші саты - бұл ғимараттың кейбір бөлігінің бұзылуы. Мұнда осы жағдай орын алды". Оның пайымдауынша, бұл ғимараттың бүліну деңгейі төртінші сатыға сәйкес келеді.

"Сынақ кезінде жасалған тербелту уақыты шын өмірдегі жер сілкінісінің уақытымен сәйкес келеді", - деді И. Ицков. Ал мұнда тәжірибенің әрбір кезеңі бірнеше минутқа созылды (шын өмірдегі жер сілкінісінің ең белсенді фазасы 12 секунд - агенттік ескертпесі). Қорытындысында ол бұл ғимараттың еш жер сілкінісіне төзбейтінін айтты. "Мұндай үйде 9 баллдық жер сілкінісі жағдайында өмір сүру еш қисынға жатпайды. Бұл үйлердің барлығының не нығайту керек, не бұзу керек". Сонымен бірге, оның айтуынша, ол қамыс және балшық үйлердің салмағы жеңіл болуы себепті кірпіш үйлерге қарағанда жағдайлары тәуірлеу.

Алматыдағы жаңа ғимараттардың сейсмикалық төзімділігіне қатысты қойылған сауалға И. Ицков: "Жоба деңгейінде, олар жобаланған норма деңгейінде жаңа ғимараттардың барлығы да сейсмикалық төзімді болып есептеледі. Ал қалғанының барлығы құрылыс сапасына келіп тіреледі", - деп жауап берді.