Алматының қай көшелерінде жол апаты жиі болатыны анықталды

Бұл туралы Caravan.kz  медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметіне сүйенсек, қалада апаттылыққа арнайы талдау жүргізіліп, аудандар бойынша ең апатты учаскелер анықталған:

  • Алатау ауданы - Райымбек даңғылы, Рысқұлов көшесі, Солтүстік айналма көшесі;
  • Алмалы ауданы - Төле би даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Байтұрсынов көшесі;
  • Әуезов ауданы - Абай даңғылы, Алтынсарин көшесі, Райымбек даңғылы;
  • Бостандық ауданы - Әл-Фараби даңғылы, Жандосов көшесі, Жароков көшесі;

  • Жетісу ауданы – Ангарская көшесі, Солтүстік айналма көшесі, Жансүгіров көшесі;
  • Медеу ауданы - Достық даңғылы, Құлжа трактісі, Халиуллин көшесі;
  • Наурызбай ауданы - Жүнісов көшесі, Ташкент трактісі, Әшімов көшесі;
  • Түрксіб ауданы - Сүйінбай даңғылы, Шолохов көшесі, Майлин көшесі.

 

Естеріңізге сала кетейік, сәуірде Алматы полициясы жол-көлік оқиғалары ең көп болатын тәулік деп бейсенбіні атаған еді.