Алматының қалалық ІІД жол полициясының басқармасы қала тұрғындары мен қала қонақтарын жақын күндері Медеу тау шатқалы бағытында жолға шығудан бас тартуларын сұрайды

"Медеу мұз айдынында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты, мереке күндерінде көліктердің көп жиналуынан жолдағы қозғалыс тоқтап қалды", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Осыған байланысты Алматының жол полициясының басқармасы "уақытты босқа кетірмеу мақсатында, осы бағыттағы жолмен уақытша жүрмеуді сұрайды".