Алматының республикалық салық түсіміндегі үлесі 33%-ға жетті

Сарапшылардың айтуынша, қала экономикасы дамудың оң динамикасын сақтап келеді. Өткен жылғымен салыстырғанда салық түсімі 106 пайызға артқан. Осылайша мемлекет қазынасына 629,1 млн теңге аударылды. Алматының салық түсіміндегі үлесі 33 %-ды құрады.

«Салықтың өсуі қаладағы бизнес ахуалдың жақсарғандығын білдіреді. Салық түсімінсіз қалада ешқандай әлеуметтік даму бағдарламалары жүзеге аспас еді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік кіріс агенттігін құрудағы басты мақсаты - мемлекеттік кірістерді бір жерде шоғырландырып, экономиканы көлеңкеден шығару болып табылады», - деді ол.
Қала басшысы кеден қызметінде кейбір көрсеткіштердің төмендеп кеткендігін жеткізді.

Әкім жақында контрабандалық жүк тасымалдаған көлік жүргізушілерін мысалға келтірді. Тәртіп сақшылары оларды ұстау үшін қаланың ішінде оқ атуға мәжбүр болған.
«Қарулы контрабандистер шекарадан қалай өтіп кетті? Ендеше, бұл шекарамыз қажет дәрежеде бақыланбайтындығын көрсетеді. Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлері автокөлік жүргізушілері тіркелген ішкі базаға емін-еркін кіре алуы керек. Сіздер де мемлекеттік шекараны қиып өткен көлікті көріп отыруларыңыз керек», - деді қала басшысы.


Жиын соңында Ахметжан Есімов көлеңкелі экономиканың үлесін азайту,гастарбайтерлердің еңбегін заңсыз пайдалану, кәсіпкерлікке тұсау болатын әкімшілік кедергілерді жою бағытында құзырлы мекеме басшыларына бірнеше тапсырма берді.