Алматының сырын ашқан фотокөрме жұртты таңқалдырды

Ашық аспан астындағы фотокөрменің қатысушысы болу үшін әсем қала Алматыны сүю мен өмірдің әрбір сәтін бағалай алу ғана қажет. Екі ай бұрын жарияланған конкурсқа тек жанрлық және қала көшелеріндегі қызықты сәттер мен ой салатын көріністер түсірілген жұмыстар қабылданды. Яғни, қойылымдық суреттерге жол жоқ! Көрме қонақтарына осы талап ұнаған секілді.

Айтжан Жүнісбаев:

– Алғашқы қар ерекше көрініс, алда келе жатқан қысты сағындырып, қысты көрсетеді.

Жандос Ерекенов:

– Алматы қандай қала? Ол тарихқа толы, әдемі, әсем қала. Еліміздің ең үлкен қаласы. Өзіме керек нәрсені, ұнаған нәрсені көрмей қалу мүмкін емес деп ойлаймын. Өте ұнады маған.

Басты кейіпкер ретінде нысанаға қаланы алған қатысушылар суретті кәсіби фотоаппаратқа да, смартфонға да түсірген. Нәтижесінде 500-ге жуық жұмыс қабылданып, сүзгіден өткен соң дауыс беру жарияланыпты. Ал ақтық сында қазылар алқасы үздік үштікті анықтады.

Рустам Әділов, «cultalmaty.kz» жетекшісі:

Осы суреттер арқылы алматылықтар қаланы қалай көретіндігін көрсете алды. Нәтижесінде «Ешкім ұмытылмады, ештеңе ұмытылған жоқ», «Орталық демалыс паркі» және «Интеллектуалды әңгіме» атты жұмыстар марапатталды.

Үздік үштік құр қол қайтқан жоқ. Ал ұйымдастырушылар көздегеніне жетті. Көрмені тамашалаған 300 мыңнан астам алматылық айналасындағы тамаша көріністі сақтап қалуға атсалысатын болады деген сенімде олар. 

Loading...