"Біз моральдық шығынды өтеу туралы арыз бердік, бүгін алдын-ала тыңдау болды. Судья М.Елеусізов таратқан ақпаратты тексеруге алды", деді "Интерфакс-Қазақстанға" сәрсенбіде табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекшісі Алтай Рахымбетов.
М.Елеусізов таратқан ақпаратқа қарағанда, кесілген ағаштар отын үшін гранула жасайтын кәсіпорынға өткізілген-мыс. А.Рахымбетовтың айтуынша, қалада ағаш кесу емес, жасыл қорды жасарту шаралары жүргізіліп отыр.
Оның ақпаратына қарағанда, Алматыда күзде ғана 11 мың ағаш отырғызылыпты.
М.Елеусізов болса сотта жауап беруге дайын екендігін мәлімдеген болатын.