Алматының тергеу оқшаулағышына қамалған адамға қорғаушысы ірі ақша сомасын бермек болған


Бұл туралы Алматы мен Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінен хабарлады.

«Қырағылық танытқан мекеменің қызметкерлері оны тексеру кезінде жүз мың теңге сомасындағы ақша тапты. Тергеу үшін қамауға алынған  адамға тыйым салынған заттарды беруге ескерту жасалғанына қарамастан, ақша өткізбек болғаны үшін сот шешімімен қорғаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін», - деп хабарлады Алматы ҚАЖ департаментінен.