Алматының төменгі жағында тағы базар өртенді

деп хабарлады қалалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.

Ақпаратқа қарағанда, "101" пультіне ақпарат астаналық сағат 11:17-де түскен, 11:57-де от оқшауландырылған.

"12:25-те өрт сөндірілді. Халық тұтынатын тауарлар салынған екі контейнер өртенген, өрттің жалпы алаңы 40 шаршы метрді құрады, зардап шеккендер жоқ".

Өртті сөндіруге жеке құрамның 30 адамы қатысты, техниканың 9 бірлігі пайдаланылды.