Алматының Түріксіб ауданында жергілікті тұрғындар жауынгерлік граната тауып алды

"Алматының Түріксіб ауданында жергілікті тұрғындар 25 наурызда 15 сағат 40 минутта темірбетон дуалдың жанынан Ф-1 маркалы жауынгерлік гранатасын тұтандырғышымен тауып алды. Тот басқан зат залалсыздандырылып, "Арлан" арнаулы бөлімшесінің қызметкерлері жою үшін полигонға алып шықты, - деп хабарлайды ТЖМ.