Алматының уақытша автотұрақтарында көлік күзеті бойынша қызмет көрсетілмейді - телеарна

"Егер де сіз түбіртекке көңіл аударсаңыз, онда былай деп жазылған: көлік жоғалған, бүлінген және тоналған жағдайда әкімшілік жауап бермейді. Онда олар не үшін қызмет атқарады? Олар көлікті қою қызметін көрсетеді. Көлікті оталдырдың ба, кетуге көмектеседі. Егер көлік оталмаса, сіз төлемей-ақ қойсаңыз да болады. Қажеті жоқ", - деді А. Жақсылықов уақытша тұрақтардағы жұмыс ережесі туралы әңгімесінде.

Оның айтуынша, көлік иелері ақша төлеуге тиісті емес. "Жер туралы заңға сәйкес, қоғамдық пайдаланудағы жерлерде ақылы тұрақтар болуы тиіс емес. Олар ақша алуға құқылы белгілі жерлер бар. Бұл ерікті қызмет, қайталап айтамын ерікті. Ақша алуға болатын жерлердің тізімі әкімшілікте бар. Олар сол жерлерде ғана ақша ала алады. Қалаған жерлерінде емес".

Барлық қаланың көлік тұрақтарын қала көшелерінде тұрақ қызметін көрсететін "Техникалық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны реттейді.

Бұрын хабарлағанымыздай, "Техникалық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының қызметі заңға қайшы болып табылады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның Ұлттық тұтынушылар лигасының басқармалары төрайымы Светлана Савченко хабарлаған еді.

Оның айтуынша, Қазақстанның Ұлттық тұтынушылар лигасы көшелердегі тұрақ үшін көлік иелерінен "Техникалық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының қызметкерлерінің ақша жинауы заңсыз екенін дәлелдеу үшін сотқа шағымданған. "Жалпы ортақ меншікпен байланыстының бәрі біз төлейтін салық есебінен сақталады. Ал одан ақша алуға ешкімнің құқы жоқ", - деді С. Савченко. Ол соңында тұрақтың міндетті төлемін жойып, оны көлікті қойған кездегі қызмет пен "көлік күзеті" үшін ерікті ақша төлеумен ауыстырған.

Оның айтуынша, "іс жүзінде жоқ қызмет түрі үшін ақы төленуде, ауаны сатып отыр". "Адамдардың сенгіштігін пайдаланып ақша алады",- деп түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, "егер талон немесе растайтын құжат болмаса, онда бұл ақша босқа кетіп жатыр". Сонымен қатар, оның пайымдауынша, көлік иелері "Техникалық орталыққа"көрсетілген қызмет көлемі мен сапасына қатысты қандайда бір наразылық та білдіре алмайды. Егер көлігіңіз бүлінсе дәлелдей алмайсыз, ал егер көлікті айдап әкетсе, бұл үшін ешкім жауапкершілікті мойнына алмайды, себебі бұл көліктің сақталуы туралы ешқандай келісім-шарт жасалмаған.

"Жаппай ашылып және солай жабылатын автотұрақтарда өздері жақсылап тексерген көліктерге қол салған тұлғалардың жұмыс істеп жүрулері де мүмкін", - деді Алматының көлік тұрақтарының біріндегі көлік иелері.

Олардың айтуынша, олар осындай "қызметкерлердің" құжатының бар-жоғын тексермек болған. Алайда, бұл құжаттар біресе бригадирде, біресе лауазымы жоғары біреуде немесе осындай тұрақтардың өзге де бастықтарында болып шыққан. Осылайша, егер көлік иелері көлігінің дұрыс емес екенін аңдаған жағдайда өздерінің шағымдарын беретін адамды таба алмайды.