Алматының жалғыз мәйітханасы жабылып қалды

Бұл – Алматыдағы жалғыз Сот медициналық сараптамасы орталығы. Күніне мұнда 10-15 мәйіт тексеруге жеткізіледі. Мамандар енді бүгіннен бастап ол тексеруді де түгел доғаруы тиіс. Өйткені сот шешімімен орталықтың қызметі тоқтатылып отыр.

Қуандық Ешімет, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

- Алматы қаласының мамандандырылған экономикалық сотының шешімімен Сот медициналық сараптама орталығы, жұмысы, санитарлық сауаттылығы заңнамасы өте ауыр бұзылғаны анықталып, қызметі толықтай тоқтатылды.

Орталықтың бұл ғимаратқа орналасқанына да көп болмаған. Небәрі 1 жарым жылдың шамасы. Онда да амалдың жоқтығынан. Өйткені мекеменің өз ғимараты да «әбден ескірген» деп 2013 жылы да жабылған екен. Сөйтіп, сарапшы мамандар кезенде балалар ауруханасы тиесілі болған кешенді жалға алыпты. Енді оның есігіне де қара құлып салынып отыр. Сот бұл ғимаратта мәйіт сақтауға болмайды, нысан апатты жағдайда әрі маңайында тұрғын үйлер тығыз орналасқан деп шешіпті.

Тахир Қалымназаров, «Сот медицинасы орталығы» РМҚК Алматы филиалы директорының орынбасары:

-Жаңа ғимарат мәселесі шешілгенге дейін осында отыруға келгенбіз. Өзімізге ыңғайлап, барлық жұмысын жүргіздік. Бірақ енді бұл жерді де босатуымыз керек. Сондай қайда барамыз? Мұнда күніне 10-15 мәйіт тексеруден өтіп, 50-60 адам ісіне сараптама жасалады.

Жалпы Сот медициналық сараптамасы орталығының кеңсе машақатымен жүргеніне 10 жылға жуықтапты. Оған мекеменің нақты қай министрлікке қарайтындығы нақтыланбай келуі себеп болса керек.


Тахир Қалымназаров, «Сот медицинасы орталығы» РМҚК Алматы филиалы директорының орынбасары:

-Мұндай сараптамалық орталық басқа жоқ. Сөйте, тұра осындай қалдеміз. Бұған немқұрайлылық себеп. Өйткені біз заң жүзінде Денсаулық сақтау министрлігіне қараймыз. Бірақ Ішкі істер қызметіне тиесілі міндеттерді атқарамыз. Енді Әділет министрлігіне өттік. Бір аптадан бері, қазір құжат жағы рәсімделіп жатыр. Бір шешім болса, солардан келер енді.

-Сондықтан Сот медицинасы орталығы жаңа басшыларына үлкен үміт артып отыр. Ең боламағанда ескі ғимараттарын жаңартып берер деп. Әйтпесе, қаланы айтпағанда осы мекеменің қызметіне тәуелді Алматы облысына қарасты 7 аудан да түгелімен сараптама орталығынсыз қалауы мүмкін. 

Loading...