Бұл - «бүгін жұмыстарының көптігіне қарамастан, шұғыл жиын өткізуге мәжбүр болдық» деп отырған дәгірерлер. Барлығы Алматының жедел-жәрдем қызметінде еңбек етеді. Оған себеп мекемеден шыққан соңғы шу. Яғни, сәрсенбі күні осы аурухананың екі қызметкері Бас дәрігерлері - Біржан Оспановтың біраз былықтарын айтып, шағымданған болатын. Айтуларынша, осы Оспанов келгелі 70 адам жұмыстан қуылып, орындары саудаланыпты. 200 мың деп ауызбастырық көлемін де белгілеген көрінеді.
Гүлнар Әбілбекова, дәрігер :
- Она прямо на камеру сказала Галыму: «Когда я устраивалась на работу, с меня взяли 150 тысяч». Сейчас такса эта увеличилась – 200 тысяч.
Тамшыгүл Топаева, фельдшер:
- Бас дәрігер мен бас фельдшер мені өз еркіммен жұмыстан кетемін деп жаздырды. Ал жазбасаң сені заңмен шығарып, дипломынды тәркілетіп тастаймыз деді.
Бірақ қызметкерлерің бұл айтқанын бас дәрігер жала деп азар да безер болған. Тіпті 70 адамның жұмыстан кету себебін жеке-жеке түсіндуге дейін барды. Ал бүгін басшыларының намасын қорғап, жедел-қызметтің қуылмаған дәрігерлері жиналыпты. Сөздеріне қарағанда, Гүлнар Әбілбекованың арыз жазу қашаннан қалыптасқан әдеті екен.
Елена Рябинина, дәрігер:
- Ол барлығын жасырын түрде жасайды. Сайттарға жазады. Дәлелі жоқ. Бастық ақша алады дейді. Мен өз басым ақша беріп жұмысқа кірмеппін. Кірді деп ешкімді де естімеппін. Керісінше, осы басшы келгелі жағдайымыз тұрақталды. Олай 2 мың адамға қара жағуға болмайды. Біз оған қатты ренжіп отырмыз.
Жедел қызметтен шыққан шудан Десаулық сақтау басқарамасы да хабардар. Олар да бұл – Әбілбекованың кезекті арызы деп отыр.
Манас Рамазанов, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Әбілбекова деген дәрігеріміз 95 жылдан бастап осы станцияда жұмыс істеп келеді. Содан бері 4 бас дәрігерді ауысты. Сол 4 дәрігермен тура осындай жағдайлар болды.
Десе де басқарма істі насырға шаптырмай, ағаттық жіберген қызметкерлеріне кешірмек ниетте. Егер қателіктерін мойындаса. Бірақ арызданғандардың ешқайсы да бұл шақыртуды қабыл алмапты.