Алматының жол полициясы түнгі рейдте 144 мас көлік жүргізушіні ұстады

Бұл шаралар көлікті мас күйінде көлік жүргізгендерді және жол жүру ережелерін бұзғандарды анықтау мақсатында өткізілді.

"Біздің қызметкерлер тиісті жұмыстарын атқару арқылы 200-ге тарта жол жүру ережесінің бұзылғандығын анықтады. 55 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның 14-не құжат толтырылды", - деп хабарлады жол полициясы басқармасының орынбасары полиция полковнигі Талғат Ақжігітов.

Оның сөздері бойынша бүгін түнде Алматыда Бостандық ауданында көше қиылысында "БМВ" көлігінің жүргізушісі жол жүру ережесін бұзған. Көлік иесі жол полициясының тоқтау туралы талаптарын орындамамаған.

"Тәртіпті бұзған көлік жүргізуші кейін ұсталып, оның мас екені анықталды. Жас адам өзін тым еркін ұстап, полиция қызметкерлеріне дөңайбат көрсеткен. Медициналық тексерулер, "БМВ" көлік жүргізушісі алкогольді ішімдікті әжептеуір ішіп алғандығын анықтаған. Жиналған материалды жол полициясының инспекторы қалалық сот әкімшілігіне жіберді ", - деді Т. Ақжігітов.