Жарақат алған тағы бес адам ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға жұмаға қараған түні Алматы-Өскемен тас жолында болған. Бір-біріне қарсы бағытта келе жатқан қос жеңіл көлік қақтығысқан.
«Бастапқы болжам бойынша, жол апаты қарсы беткен шығып кеткен «Ниссан Х-Трайл» көлігінің жүргізушісінің кінәсінен болыпты», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында төрт адам опат болды. Сарқан қаласының ауруханасына жеткізілген бес адамның екеуі кәмелетке толмаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.