Алматы-Қапшағай пойызы жұмысын тоқтатты


Бұл туралы «Тұран экспресс» компаниясының экономисі Сәнжан Қаңлыбаева айтты. 

Компания өкілінің айтуынша, жаңа бағыт тасымалдаушыны шығынға батырған. 

«Біз Алматы-Қапшағай бағыты жаз мезгілінде сұранысқа ие болады деп үміттендік. Бірақ, тұрғындарға арнайы пойыздың қажеті жоқ болып шықты. Қолымыздан келгенше халыққа жарнама жасауға тырыстық. Бірақ, бәрібір шығынмен жұмыс істеп келдік», - деді ол.
Айта кетейік, жаңа бағыт биыл маусымда ашылған болатын. 5 вагоннан тұратын темір жол көлігі 1,5 сағатта Алматыдан Қапшағайға күніне 2 рет қатынайтын еді.