«Құрылыс жұмыстары барысында жалпы ұзақтығы 104 шақырым «Алматы-Қапшағай» тас жолы 4 учаскеге бөлінді. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жолдың 72 шақырым бойында жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалпы құрылыс жұмыстарын 2016 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі кезге дейін көлемі 6,3 млн. шаршы шақырым топырақ жұмыстары жүргізіліп, 18 шақырым жамылғы жасалды, 101 су өткізетін құбырлар орнатылды. Учаскедегі жұмыстарға 218 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылып, 545 жұмыс орны ашылды.
«Алматы-Қапшағай» тас жолының өту жолының 63 шақырымын 6 жолақты, ал қалған 41 шақырымын 4 жолақты етіп қайта жаңғырту жоспарлануда. Жол цемент-бетон жамылғысы бар I техникалық санат нормативтері бойынша салынады», - деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.