«Жаңа әуе рейсін Bek Air әуе компаниясы ашты. Бұл бағытта аптасына екі рет - дүйсенбі және жұма күндері Fokker-100 әуе кемесі ұшырылады. Алдағы уақытта рейстердің саны көбеюі мүмкін. Билеттер құны 7 мың теңгеден басталады», - делінген хабарламада.
Қарағанды әуежайынан Астанаға дейін ұшу уақыты 30 минутты, Ақтөбеге дейін 3 сағат 50 минутты құрайды.
Қарағанды облысында көптен бері елорда мен батыс аймақтарға ұшатын рейске қажеттілік туындағаны айтылады. Бұл бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді, түрлі нұсқалар қаралды.
«Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру ішкі бағыттағы әуе желілерінің дамуына серпін берді. «Алматы-Қарағанды-Астана-Ақтөбе» әуе рейсінің ашылуы хаб принципі бойынша елдің макроаймақтарын құру бағытында алға қойған мақсатқа жету жолындағы қадам», - деп тап өтті Қарағанды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.
Рейс кестесі жолаушылардың ыңғайына қарай құрастырылды.